Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында Индонезиялық суретшілер мен фотографтар жұмыстарының көрмесі өтеді

2024 жылдың 19 тамызында Қазақ ұлттық хореография академиясында белгілі Индонезиялық суретшілер мен фотографтардың бірегей көрмесі ашылады. Бұл іс-шараны Индонезияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі серіктес университет Денпасар Индонезия өнер институтымен бірлесіп ұйымдастырды және Индонезия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толуына арналған.

Көрмеге Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор М.Фаджрул Рахман, сондай-ақ Денпасар Индонезия өнер институтының ректоры доктор И Ваян Адняна қатысады деп жоспарлануда.

Көрмеге келушілерге гуманизмнің, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің, төзімділіктің, әйел күші мен табиғи энергияның негізгі тақырыптарын бейнелейтін 20-ға жуық өнер туындылары ұсынылады. Индонезия мемлекеттілігі мен «әділеттілік пен өркендеу» қоғамын құру моделінің негізінде жатқан бес іргелі принципті қамтитын Индонезия – Панчасила философиялық идеологиясы экспозицияда басты орын алады.

Сонымен қатар, көрмеде Денпасар ISI мен Қазақ ұлттық хореография академиясының түрлі билері ұсынылады. Бұл жұмыстар өнердің алуантүрлілігін, әсіресе Индонезия мәдениетінде тамырын тереңге жайып, дамып келе жатқан дәстүрлі Бали билерін көрсетеді.

Көрме Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болады және халықтар арасындағы өзара түсіністік пен құрметке, мәдени мұраны байытуға және әлемді түйсіну көкжиегін кеңейтуге ықпал ететін болады.

Яндекс.Метрика