Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тұру
Академияда бастауыш, техникалық және кәсіптік білім және жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқу кезінде «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ҚАҚ орналасқан орыннан тыс басқа қаладан, өңірлер мен елді мекендерден келген және медициналық қарсы көрсетімдері жоқ білім алушыларға (4-9 мектеп оқушылары, колледж және бакалавриат студенттері) интернатта тұру үшін орын беріледі. Бүгінгі күні интернатта 265 білім алушы тұрады.

Интернат барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді. Білім алушылардың жайлы тұруы, оқу сабақтарына дайындалуы, бос уақытты пайдалы өткізуі үшін барлық жағдайлар жасалған.

Интернат секциялары 2 бөлмеден тұрады. Әр секцияда 2 санитарлық торап және 2 жеке душ кабинасы бар. Барлық бөлмелер кереуеттермен, жұмыс үстелдері және шкафтармен жабдықталған.

Өз бетінше дайындалуға арналған бөлмелер бар, мұнда тәрбиешілердің жетекшілігімен бір уақытта 30 оқушы сабаққа дайындала алады. Бос уақытты және тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін тынығу бөлмелері, спорттық және балалар алаңдары және т.б. қолданылады. Интернетке қолжетімділіктің WI-FI сымсыз желісі жұмыс істейді.

Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы үшін интернатта тәулік бойы тәрбиешілер жұмыс істейді, олар төменгі сынып оқушыларының сабағын, уақтылы тынығуын мен тамақтануын қадағалайды, өмірі мен денсаулығы үшін күтім жасайды, балаларды ана қамқорлығы мен мейіріміне бөлейді. Тәрбиешілер психологпен тығыз жұмыс жасайды (сауалнама, әңгіме, тренингтер, тесттер, жеке жұмыстар).

Төтенше жағдайлардың теріс салдарларын болдырмау және оларға дайын болу үшін интернатта сол немесе өзге де күтпеген жағдайлар кезінде тәрбиешілердің іс-қимыл алгоритмдерінің жинағы әзірленген.

Тамақтандыру қызметтері
Басқа қаладан келген 4-9 сынып оқушылары, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алушылар және интернатта тұратындар 5 бір жолғы жеңілдікті тамақпен қамтамасыз етіледі. Тамақ үшін төлем интернатқа орналасу кезінде әр оқу жартыжылдығының басында төленеді.

Мемлекеттік қаражаттар есебінен тегін тамақпен жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, қамқорлық пен патронатқа алынған балалар қамтамасыз етіледі.

Дәрігер-диетолог ас мәзірін құрастырып, азық-түліктердің дұрыс салынуын және дайын өнімнің бракеражын, азық-түліктердің сапасын, тамақ өнімдерінің дұрыс сақталуын, асхана жұмысын және санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қадағалай отырып, пайдалы және дұрыс тамақтану үшін жауап береді.

Академия студенттері үшін Академия асханасы мен буфетінде қажетті дәрумендер мен минералдар жинағымен бірнеше әртүрлі ас мәзірлеріне қолжетімді.

Медициналық қызмет көрсету
Академия интернатында тұратын барлық білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін тәулік бойы білікті медициналық кызмет көрсетіледі.

Қауіпсіздік
Жеке қауіпсіздікті және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй корпусында бейне бақылау орнатылған және тәулік бойы жүргізіледі, сонымен қатар ғимаратты және интернат орынжайларын ішкі және сыртқы күзету жүзеге асырылады. Интернатта тұру қағидалары қатаң сақталады, барлық білім алушылар электрондық рұқсатнамаларды пайдаланады.

Келушілер
Оқушыларға тек олардың заңды өкілдерінің және (немесе) өзге жақын туыстарының (туған ағалары, әпкелері, әжесі, атасы) келуіне рұқсат етіледі. Келетін күндері мен уақыты: сенбі, жексенбі сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін. Келушілердің интернаттың тұрғын үй және өзге орынжайларына кіруіне қатаң тиым салынады.

Келушілер интернатқа кірген кезде күзет фирмасының кезекші өкіліне жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Кезекші күзетші журналда келушіні тіркейді және интернатта тәртіптің сақталуы үшін жауап береді.

Оқушылар Академиядан тысқары шыққанда, заңды өкілдері жазбаша нысанда интернат меңгерушісінің атына өтініш жазады, онда нақты мекенжайы мен телефоны көрсетіледі, оқушының қайда және қанша уақытқа кететіні жазылады. Мекенжайлар көрсетілмеген, Интернат меңгерушісінің қолы қойылмаған өтінішсіз оқушының Академиядан тысқары шығуына рұқсат етілмейді.

Демалыс, мереке және каникул күндері заңды өкілдерінің еріп жүруімен не заңды өкілдердің нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша Академиядан тысқары шығуға рұқсат етіледі, бұл «Тәрбиеленушілердің кетуі мен келуін есепке алу» журналында жазылады.

Интернаттан шығарылған тұлғаларға интернатка кіруге рұқсат етілмейді.

Яндекс.Метрика