Қабылдау комиссияларының байланыстары
Садыкова Анвара Ариповна-min

Садыкова Анвара Ариповна

АҒА ОҚЫТУШЫ

БІЛІМІ:
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, балет әртісі
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, педагог-хореограф
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, өнер магистрі
Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының А. А. Алтмышбаев атындағы Құқық философиясы және әлеуметтік-саяси зерттеулер институты, өнертану кандидаты

ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:
30 еңбегі, оның ішінде 4 кітап, БҒСБК журналдарында және Scopus базасында ұлттық балет өнері мәселелері бойынша мақалалары жарық көрді.
Телевизиялық бағдарламаларға, Қазақстанның хореографиялық өнер тарихы бойынша 3 деректі фильмге 3 сценарий жазылды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ:
50-ден астам хореографиялық композиция, 2 бір актілі неоқазақ хореографиясы стиліндегі балет қойылды.
Қазақ биі, неоқазақ хореографиясы, ұлттық хореографиялық өнер тарихы туралы 30 шеберлік сабағы өткізілді.

МАРАПАТТАР, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ / АЛҒЫС ХАТТАР:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2009);
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы (2018);
«Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша Қазақстан Кинематографистер Одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2018);
ҚР Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері (2019);
«Балетмейстерлік шеберлік» номинациясы бойынша Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ би байқауының 1 дәрежелі лауреаты (2019);
Қазақстан Республикасының Халық әртісі Гүлжан Талпақованың I Халықаралық әлем халықтары би фестивалі-байқауында «Қос Алқа» қазақ халық биінің үздік қойылымы үшін диплом және сыйлық иегері (2019);
«YOUTH AMERICA GRAND PRIX» халықаралық байқауында «Best Choreographer Award» дипломымен марапатталған (2019);
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ақтоты Райымқұлова «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттады (2021);
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қолы қойылған «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2022);
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің аттестаттау комиссиясының шешімімен педагог-шебер біліктілік санаты берілді (2023);
Еуразиялық мәдениет қорының президенті Ерұлан Қанапьянов «Мәдениет қайраткері» құрметті атағымен және белгісімен марапаттады (2023);
«Ұлттық биді дамытқаны және насихаттағаны үшін» Freedom Ballet сыйлығымен марапатталды (2023);
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолы қойылған «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2023).

А. Садыкованың бағдарламалары мен қойылымдық жұмыстарына кейбір сілтемелер:
https://youtu.be/LQrhWh5ReYE
https://youtu.be/HRKlcwLYKVI
https://youtu.be/RyqV7iTh2ww
https://youtu.be/e-dkD7vYYRM
https://youtu.be/JiWSnGT75ZI
https://youtu.be/7G-duLqQcN0
https://youtu.be/VmJmrcxtSUE
https://youtu.be/ZgMwNDu7zMU
https://youtu.be/aFuDXNGb76Q
https://www.youtube.com/watch?v=AIBvnA4FAgQ
https://www.youtube.com/watch?v=gMuymFh9j-E

Яндекс.Метрика