Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында кітап сыйлау акциясы

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Академия ЮНЕСКО қамқорлығымен “Жанның риясыз сый” атты кітаптар сыйлау акциясын өткізді.

Академияның жас тәрбиеленушілері оқу және білім тарату мәдениетін ынталандыруға арналған осы асыл бастамаға ынталы түрде қосылды.

Іс-шараға «Жас көрерменнің музыкалық театрының» қызметкерлері де қатысып, көрермендерге «Күлше қыз» ертегісі негізінде таңғажайып қойылым сыйлады. Бұл жарқын және креативті қойылым қуаныш пен ойын-сауықтың қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар өнер мен мәдениеттің біздің өміріміздегі маңыздылығын еске түсірді.

Акцияға сыйлаған кітаптар Академия қорын толықтырады және әр оқырманға жетеді.

Яндекс.Метрика