Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының соңғы қоңырауы

2024 жылғы 25 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында 1-9 сыныптардың соңғы қоңырауына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Дәстүр бойынша, оқу бітіруші курстың студенті иығына отырғызған бірінші сынып оқушысы соңғы қоңырау соқты. Осындай символдық шарамен 1-9 сынып оқушылары үшін оқу жылын аяқталды.

Бағдарлама аясында оқушылар орындаған концерттік бағдарлама өтті, бұл мереке атмосферасына одан да қуаныш пен толқу қосты.
Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің академия қызметкерлеріне марапаттар табыстауы болды. Министрлік келесі оқытушыларды марапаттады:

Тазабекова Лиана Вильсуровна, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер оқытушысы “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Нурпеисова Наталья Геннадьевна, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімшесінің оқытушысы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бикенова Айгүл Сергеевна, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің концертмейстер шеберлігі және фортепиано бөлімінің оқытушысы алғыс хатпен марапатталды.

Марапаттарды Академия ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова табыстады.

Барлық марапатталушыларды лайықты наградаларымен, ал оқушыларды – табысты оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

Яндекс.Метрика