Baiqonyr-2019 халықаралық кинофестиваліндегі «Үздік актриса»
4-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «IV Baiqonyr International Short Film Festival» қысқаметражды кино фестивалі өтті.
Baikonyr SFF-2019 алаңында еліміздегі және Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь елдерінен келген жас кинорежиссерлердің жұмыстары көрсетілді.
«Жаздың салқын түні» фильміндегі рөлі үшін (режиссері Амир Аменов) хореография факультетінің 2 курс магистранты Анель Ислямова «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды.
Анельді шын жүректен құттықтай отырып, толағай шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз!