Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 121-130 of 196 results

Алматыда «Елбасы жолы. Астана» фильмінің тұсаукесері өтті

Желтоқсан 20, 2018

Алматы қаласында «Алатау» киноконцерт залында «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Сатайфильм» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді. Көркем кинотуындының режиссері – Ақан Сатаев. – Осындай ірі жобада жұмыс істеу …

Жаңа жылға дайынбыз

Желтоқсан 20, 2018

«Астана Опера» әртістері тыңдаушыларға жаңа жылдық көңіл күй сыйламақ. 22 желтоқсан күні театрдың Камералық залында «Музыкалық дивертисмент» концерті өтеді. Тыңдарман қауымға мерекелік кештің қызықты да мәнерлі бағдарламасын вокалистер – «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елена Ганжа, Татьяна …

Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың Айтматовы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Желтоқсан 19, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың Айтматовы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Әдеби-музыкалық кешке Шыңғыс Төреқұлұлының ұлы Асқар Айтматов, Қырғызстан Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Қапарұлы, Айтматовтың жақын досы, …

«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина бас жүлдені иеленді

Желтоқсан 19, 2018

Елордада Астана қаласының 20 жылдығына және Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған VII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.  Екі күнге созылған дүбірлі айтыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтті.  «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы …

Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдік «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылды

Желтоқсан 19, 2018

Астанада атақты «Notre Dame de Paris» француздық-канадалық мюзиклдің қазақ тіліндегі премьерасы өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы музыкалық жобасын жас та болса танылып үлгерген ұжым –  «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Астана Мюзикл» театры ұсынды.  Жерар Пресгурвиктің даңқын өрлеткен  «Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті …

Алматыда Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтеді

Желтоқсан 19, 2018

2018 жылғы 20 желтоқсан, сағат 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтеді. Іс-шара аясында  ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Асқар Сүлейменовтің өмірі мен …

Астанада Өзбекстан өнер шеберлерінің концерті өтті

Желтоқсан 13, 2018

2018 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының мәдениет жылының жабылуына арналған Өзбекстан өнер шеберлерінің концерті өтті. Аталмыш концерттің басты мақсаты елдер арасындағы мәдени алмасуды, мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, бұл ұқсас тарихи өткелден өткен екі мемлекеттің …

Музыкалық шабыт

Желтоқсан 13, 2018

19 желтоқсан күні «Астана Операның» Камералық залында театр опера труппасының жарық жұлдыздары мен керемет аспапшыларының қатысуымен «Әр нотада шабыт бар…» вокалдық-аспаптық музыка концерті өтеді. «Астана Операның» жетекші солисі, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова (сопрано) тыңдарман қауымға өз өнерін паш …

Тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілік

Желтоқсан 12, 2018

16 желтоқсан күні тыңдарман қауымға «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында республикамыздың басты ұлттық мерекесі – Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерті ұсынылады. Мерекелік кешке «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының халық аспаптар оркестрі және «Астана Опера» театры, …

Әлемге әйгілі «Notre dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

Желтоқсан 12, 2018

Орталық Азияда тұңғыш рет! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклін қазақ тілінде ұсынады. Атақты француздық-канадалық мюзиклдің премьерасы 2018 жылғы 18-24 желтоқсан күндері аралығында Бейбітшілік және …

Яндекс.Метрика