Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 821-830 of 1010 results

Гүлфайруз Исмаилованың таланты

Қараша 22, 2019

Қазақ ұлттық хореография академиясында еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, театр және кино суретшісі, мемлекеттік наградалар, ордендер мен медальдердің иегері Гүлфайруз Исмаилованың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.  Өнертану факультеті Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел басында Гүлфайруз Исмаилованың өмір …

«Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы»

Қараша 21, 2019

2019 жылғы 21 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында ұлы ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әубәкір …

«Company E» шеберлік класы

Қараша 21, 2019

Академия тәрбиеленушілері үшін Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен заманауи хореография бойынша шеберлік класы өтті. Шеберлік класын «Company E» заманауи би бойынша балет труппасының көркемдік директоры Кэтрин Сайделл Пилкингтон (АҚШ) және бродвей джаз бағдарламасының директоры Филипп Бараоидан (АҚШ) өткізді. Американдық мамандар сабақта …

«QAZAQ BALLET» ғылыми-көпшілік журналының арнайы шығарылымы

Қараша 21, 2019

2019 жылғы 21 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында «Qazaq Ballet» ғылыми-көпшілік журналының арнайы шығарылымы көпшілікке таныстырылды. Таныстырылымның спикері «Qazaq Ballet» журналының бас редакторы Д.Д. Уразымбетов жобаның бастамашылары, журналды шығару жұмыстарының кезеңдері жайлы әңгімелеп берді.  Таныстырылымның ерекшелігі – жанға жайлы тамаша атмосферада өтті. …

Үш тілде білім беру: қазіргі жайы және тәжірибе

Қараша 20, 2019

2019 жылғы 19 қарашада «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ 2019-2020 оқу жылына арналған операциялық даму жоспары аясында оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен бірлесіп «Үш тілде білім беру: қазіргі жайы және тәжірибе» тақырыбында семинар өткізді.  Семинардың мақсаты: …

«Jas Tolqyn» вокал конкурсы

Қараша 20, 2019

Қазақ ұлттық хореография академиясында алғаш рет студенттер арасында «Jas Tolqyn» вокал конкурсы өтті. Қатысушыларға өз таланттарын көрсету мүмкіндігі берілді.    Конкурстың басты идеясы – вокал жанрындағы талантты орындаушылардың басын қосу, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру, Академия оқушылары арасынан шыққан жаңа таланттарды …

Біз – бір отбасымыз!

Қараша 16, 2019

Ұжымшылдық, өзара сыйластық, сондай-ақ Академия интернатында тұратын тәрбиеленушілердің ұйымшылдық сезімін қалыптастыру мақсатында тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімі «Біз – бір отбасымыз!» тақырыбында әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізді. Тренинг Академия тәрбиеленушерінің бірлесіп әрекет ете білуін, ағымдағы мәселелерді бірге шешу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған, сонымен …

«ONER Lab» зертханасындағы кездесу

Қараша 15, 2019

«ONER Lab» ғылыми–шығармашылық зертханасы «Астана Опера» театры сыншылар мен көрермендер көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Спикерлер ретінде «Астана Опера» театрының көркемдік жетекшісі және Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры А.А. Асылмұратова, «Астана Опера» театры директорының орынбасары Т.Н. Альпиев, директордың ұйымдастыру мәселелері жөніндегі …

Академияның сахналық практикасының концерттік репертуарындағы жаңа қойылым

Қараша 15, 2019

Хореограф Ксения Зверева С. Рахманиновтың музыкасына «Маргаритки» жеке нөмірін қойды. Бұл Ксения Звереваның Академиядағы алғашқы қойылымы емес.  Регина Спектордың музыкасына оның «Apres moi»  қойылымымен 2018 жылы Академия оқушысы Ғұмар Сұлтанбек Баку қаласында өткен Гамэр Алмасзаде атындағы Халықаралық классикалық және ұлттық …

Uncover-2019

Қараша 15, 2019

Академияда Өнер факультетінің ұйымдастыруымен «Uncover-2019» авторлық ашылулар кеші өтті. Жобаның басты мақсаты студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру. Академия қабырғасында “Uncover” шығармашылық кеші екінші рет өткізіліп отыр. Биылғы кештің ерекшелігі – кешке бір жұмбақ қонақ қатысып, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Бүкіл …

Яндекс.Метрика