Астанада болашақ іскер көшбасшылар форумы өтті
21-22 ақпан күндері Астана қаласы EXPO аумағында ENACTUS QAZAQSTAN фонды «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығымен біріге отырып, Болашақ іскер көшбасшылар форумын өткізді. Шараның басты мақсаты ENACTUS-тың ұлттық және әлемдік кубоктарында қатысатын бәсекеге қабілетті бизнес-жобаларды анықтау болды.
Форумға Академия атынан эдвайзерлер Төлегенова Гүлмира Төлегенқызы мен Сатиева Шолпан Серікбосынқызының жетекшілігімен Өнер факультетінің студенттері қатысты.
Форум аясында стартап-жобалар көрмесі, бизнес-тәлімгерлердің интерактивті сессиясы, бизнес-инновацияны енгізу тәжірибесімен алмасу шаралары, ENACTUS QAZAQSTAN қатысушы командаларының шеруі өтеді.
Екі күнге созылатын форумға еліміздегі 45 ЖОО-ның 400 студенті қатысты. Астананың өзін 8 оқу орны 30 жобамен таныстырды.