TANTSY би спортының барлық түрлері бойынша халықаралық чемпионат
Қосымша білім беру бөлімінің «La petite fleur» эстетикалық дамыту студиясының ересектер тобы, 14 желтоқсанда би спортының барлық түрлері бойынша «TANTSY” халықаралық чемпионатына қатысып, 1-дәрежелі Лауреат дипломын иеленді. Бұл әлемнің 30 елінен үміткерлер қатысқан еліміздегі ең ауқымды би байқауы болды.