Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқушылары «l’École de Danse de l’Opéra national de Paris» мектебінде оқытудан өтті

«l’École de Danse de l’Opéra national de Paris» мектебімен ынтымақтастық шеңберінде Қазақ ұлттық хореография академиясының төрт оқушысы Алиханова Алима, Орманова Камилла, Чахалов Рустам, Айтуаров Даянхан және арнайы пәндер оқытушысы Макарцева Людмила Викторовна жазғы мектепте оқытудан өтті.

Екі апта бойы жас әртістер классикалық, халық және барокко билеріне үйретудің еуропалық моделінің шеберлігін меңгерді. Алғашқы күннен бастап педагогтар француз мектебінің қыр-сырын үйретті: таза позициялар, айқын бағыттар, денені тік ұстау.

Балет мектебінің айрықша ерекшелігі тек үлгілі академиялық үйрету мен көп жылдық тарих қана емес, сонымен қатар практик-оқытушылардың болуы. Театрда жұмыс істейтін солистердің аса бай тәжірибесін қазақстандық тәрбиеленушілер де игерді. «Сіздер бәріңіз бірге және көрермендер үшін билейтіндеріңізді естен шығармаңыздар» – деп кеңес береді педагогтар.

Оқуды табысты аяқтаған оқушылар және педагог атаулы сертификаттарға ие болды.
Құрылғанына 300-ден астам жыл болған «l’École de Danse de l’Opéra national de Paris» оқу орны әлемдік классикалық би бесігі болып саналады. Балет мектебінің құрылғаннан бастап осы күнге дейінгі жалғыз факультетінде студенттерге тек бір ғана мамандықтан сабақ береді – классикалық академиялық би.

Яндекс.Метрика