Қабылдау комиссияларының байланыстары

Министр Ақтоты Райымқұлова білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласының № 72 мектебінің және Қазақ Ұлттық хореография академиясының салтанатты шараларына қатысып, оқушыларды, олардың ата-аналарын, ұстаздарды оқу жылының басталуымен құттықтады.

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен педагогтердің мәртебесін арттыруға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдануы болып отыр. Бұл заң мұғалім, бала, ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жетілдіруге мүмкіндік туғызады, мұнда педагогтерді ынталандырудың маңызды шаралары қарастырылған. 16 тамыз күні өткен дәстүрлі тамыз конференциясында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрт жыл ішінде педагог қызметкерлердің жалақысын екі есеге асыру міндетін қойды. Барлық аталған шаралар білім беру саласында көрсетілетін қызмет сапасына жағымды әсерін тигізеді. Елбасы атап көрсеткендей, заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенеді. Бүгінгі таңда еліміз азаматтардың зияткерлігі мен шығармашылық әлеуетін жоғары бағалайды. 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды, ал ТМД елдерінде Кітап жылы болып белгіленгенін білесіздер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Волонтёр жылы деп жарияланды, сонымен қатар,ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын өткізу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында білім беру мекемелерінде айтулы шара ең жоғары деңгейде аталып өтеді.

«Күздің алғашқы күні – Білім күнінде білім алушыларға да, білім берушілерге де ынтымақтастық, бір-біріне деген сыйластық тілеймін. Оқушыларды еңбекқор, білімге әуес болуға шақырамын. Студенттерге табандылық пен білім шыңына өрлеуде өз күшіне сенімділік, ұстаздарға ақыл мен ұстамдылық, шығармашылық, бақ-береке, ата-аналарға балаларын мақтан тұту бақыты бұйырсын деп тілеймін», – деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.

Яндекс.Метрика