Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ұлытау» сапар орталығының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында 5 қазанда Ұлытау өңірінің тарихи-мәдени мұра нысандарын (Жошы хан, Алаш хан кесенелері т.б.) аралады. Премьер-Министрдің орынбасарымен бірге делегация құрамында Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов, Ұлытау ауданының әкімі Б.Әбдіғалиұлы және т.б. мемлекеттік органдардың өкілдері болды.

Сапар барысында делегация өкілдері Ұлытау ауданында салынып жатқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының Сапар орталығына (Визит-центр) барды. Құрылыс жұмыстарының барысымен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов пен  «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Л.Бақытова таныстырып өтті. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сапар орталықтың құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың соңына дейін аяқтау көзделгендігін айтты.

Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша аталып өтетін Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы аясындағы Ұлытау өңірінде жоспарланған іс-шаралар жөнінде де сөз қозғалды.

Яндекс.Метрика