«DIGITAL SCIENCE» ғылыми фотосуреттердің шығармашылық конкурсы
20 желтоқсанда сағат 13:00-де Science cafe форматында Студенттік ғылыми қоғамның отырысы болды. Отырыс аясында «DIGITAL SCIENCE» ғылыми фотосуреттердің шығармашылық конкурсының қорытындысы шықты. Бұл конкурс білім алушылардың шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсетуін қолдауға, шығармашылық дағдыларын дамыту, Академия оқушыларын ғылыми-шығармашылық қызметке ынталандыру және тартуға бағытталған.
Қатысу үшін өтінімдер екі санат бойынша қабылданды: «SMARTPHONE AND BALLET» және «SMARTPHONE AND ART», 19 өтінім қабылданды. Фотоконкурстың жүлдегерлері ACADEMY DAILY арнасының телеграммасында онлайн дауыс беру көмегімен іріктелді.
«SMARTPHONE AND BALLET» санатындағы жеңімпаздар:
1-орын – Курмантаева Ляззат
2-орын – Орынбаев Бекзат
3-орын – Воинкова Анастасия
«SMARTPHONE AND ART» санатында:
1-орын – Есеев Нуржан
2-орын – Полошкова Анастасия
2-орын – Акимали Арай
Бұл санатта 2 қатысушы дауыс беру кезінде тең ұпай жинады.
«Кәсіпқойды таңдау» номинациясы
- Полошкова Анастасия
- Алимжан Ернат
- Кенесбеков Нурлыбек
«Редакцияны таңдау» номинациясы
- Кудеринова Айжан
Барлық жүлдегерлер мен номинанттарға сертификаттар, дипломдар, «Arts Academy» журналының екі нөмірі және Академияның имидждік өнімі табыс етілді.