ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
Құрметті әріптестер!
2020 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында «ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқылауға ұсынылады:
- Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтарды зерттегенде әдіснамалық тәсілдердің ерекшеліктері;
- Қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтардың классификациясы
- Әлеуметтік, тарихи, экономикалық, саяси факторлардың субэтникалық топтардың қалыптасуындағы орны;
- Субэтникалық, этнографиялық және басқа топтардың ерекшеліктері;
- Ресей империясы халықтарының құрамындағы субэтникалық топтардың тарихи-құқықтық мәртебесі.