Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бастауыш сыныптарға қосымша қабылдау

Түсу емтихандарын өткізу қорытындысы бойынша 1-4 сыныптарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің жалпы білім беру бағдарламасы бойынша (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы)  балалар арасында қосымша қабылдау жарияланады.

          Түсу емтихандарында (2022 жылдың 28 маусым мен 8 шілде аралығында) конкурстан өте алмағандар, қосымша қабылдауға жіберілмейді.

         

Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар:

  1. ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген (қоса берілген) үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  2. педиатр, лор, невропатолог, окулист, ортопедтен медициналық тексеруден өткен денсаулық паспортының түпнұсқасы немесе емхананың бас дәрігері куәландырған көшірмесі рұқсат етіледі;
  3. психдиспансерден анықтама (egov.kz сайтынан жүктеп алыңыз);
  4. Баланың ЭКГ нәтижесі (кардиологтың қорытындысы);
  5. 3х4 көлеміндегі фотосурет (4 дана).

 

          Құжаттарды қабылдау комиссиясына  2022 жылдың 20 маусымына дейін тапсыру қажет (кіреберіс Түркістан көшесі жағынан, тұрғын үй кешенінің 1 қабаты).

          Қосымша қабылдау бойынша апелляция жүргізілмейді.

          Анықтама телефоны: 8 (7172) 79-85-42, +7700 508 51 00.

 

Қосымша қабылдау бойынша 1-4 сыныптарға оқуға түсетін балаларға арналған қабылдау емтихандарының кестесі

Сынып Тур
I II

(медициналық комиссия)

III

 

1-4 сыныптар 22.07.2022ж./15.00сағ. 23.07.2022ж./14.00сағ. 24.07.2022ж./14.00сағ.
Яндекс.Метрика