Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Италияның ұлттық би академиясы арасындағы Erasmus+ жобасы аяқталды

Италия астанасында Ұлттық би академиясының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Италия ұлттық би академиясы арасындағы Erasmus+ халықаралық білім беру жобасының аяқталуына орайластырылған қорытынды концерт өтті.

Жобаның қорытынды іс-шарасына Қазақ Ұлттық хореография академиясының оқытушылары бірнеше нөмірлерді қойды: академия профессоры Гүлнәр Саитова «Чина-тахса уссули» халық музыкасына ұйғыр биін қойды, аға оқытушы Анвара Садықова екі қазақ биін қойды: «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауында Б.Оралұлының музыкасына «Дала әуені» және Дәулеткерейдің музыкасына «Жастар» биі. Билер  Erasmus+ бағдарламасы бойынша Италияда оқитын студенттер үшін қойылды.

Сонымен қатар академия оқытушылары Г.Саитова мен А.Садықова Римдегі Ұлттық би академиясында студенттерге бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабақтары Қазақ ұлттық хореография академиясының концертмейстері Қайсар Архаровтың сүйемелдеуімен өтті.

 

Яндекс.Метрика