Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенті HASSAK концертінде өнер көрсетті

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушысы Hassak ансамблінің концертінде өнер көрсетті. Бұл жарияланымда назарларыңызға өнер көрсетуден үзінділер ұсынамыз.

Hassak Этно-фольклорлық ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында Ә. Мәмбетов атындағы  драма және комедия театрының сахнасында жеке концерт берді. Студент Ғазиза Молдахмет осы концертке қатысып, Академия педагогтары Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев қойған «Аққу» нөмірін орындады.

Ансамбль жетекшісі Ержан Жаманкеев Академия оқытушылары мен оқушыларына HASSAK үшін маңызды оқиғаға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. 

«Біздің көптен бергі арманымыз – елордадағы жеке концерт – ақыры орындалды: біз Нұр-Сұлтанда HASSAKNAMA концертін өткіздік. Осы кеште арамызда көп жылдық шығармашылық ынтымақтастық орнаған Қазақ ұлттық хореография академиясы бізді қолдап, талантты тәрбиеленушісінің қатысуына ықпал етті. Үлкен үміт күттіретін Ғазиза Молдахмет HASSAK тобының өңдеуіндегі ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйіне аққудың бейнесін керемет сомдайтын әдемі қимылдармен толтырылған тамаша концерттік туындыны орындады. Би тамаша орындалды. Біздің ансамбльмен тығыз жұмыс істейтін екі оқытушыға, өз ісінің шеберлері Анвар Ариповна мен Алмат Шердарұлына би қойылымына арнаған жоғары талғам мен еңбегі үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Алдағы уақытта да Сіздің еңбектеріңіз көрермендердің жоғары бағасына ие болуына тілектеспіз”, – деп атап өтті Е. Жаменкеев. 

Сонымен қатар, концертке Айгүл Тәтидің «Қыз қайың» қойылымымен ASTANA BALLET театрының әртістері, сондай-ақ әншілер Үшқын Жамалбек және AYREE қатысты.

Ғазиза Молдахметтің өнер көрсетуінен үзінділер (дереккөз: HASSAK ансамблінің Facebook парақшасы).

Хореограф: А. Садықова; педагог-репетиторлар: А. Садықова, А. Шәмшиев

 

Яндекс.Метрика