Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазіргі заман контекстіндегі хореографиялық өнер және кәсіби білім

Құрметті достар және әріптестер!
Сіздерді 2022 жылдың 20-21 қазанында өтетін Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және ГИТИС Ресей театр өнері институты бірлескен «Қазіргі заман контекстіндегі хореографиялық өнер және кәсіби білім» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз:
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Әлемдік кеңістіктегі жоғары және хореографиялық арнайы орта білім.
2. Әлемдік хореографиялық өнердің түрлі жанрлар мен бағыттардағы дәстүрлерін дамыту және сақтау.
3. Хореографиядағы жаңалықтар мен перспективалар.
4. Ұлттық хореографиялық өнер.
5. Хореографиялық өнердегі сын жанры мен балеттану мәселелері.
6. Қазіргі музыкалық театрдағы репертуарлық саясаттың мәселелері.
7. Хореографиялық білім беруді әлемдік көркем мәдениетке интеграциялау.
8. Өнер және хореография.
Қатысуға тарих, өнер теориясы және көркем сын саласында ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын балеттанушылар, театртанушылар, музыкатанушылар, өнертанушылар, ғалымдар, педагог-хореографтар, балетмейстерлер, ЖОО оқытушылары, мұражай мамандары, магистранттар, докторанттар, аспиранттар шақырылады. Конференция жұмысына тыңдаушылар ретінде жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.

Заявка
Инф.письмо – Конференция КазНАИ – ГИТИС- 2022

Яндекс.Метрика