Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кинезиология орталығының спорт дәрігерімен кездесу

2022 жылғы 8 желтоқсанда Science cafe-де «Kinetik» оңалту және спорттық кинезиология орталығының өкілі, оңалту дәрігері Сайлаубек Әлішер Арманұлымен кездесу өтті.

Әңгімелесу барысында спорт дәрігері жарақаттан кейінгі оңалту, кәсіби спортшылардың дене шынықтыру дайындығы, фитнес-тренинг, балалар мен ересектерге арналған жаттығулар туралы айтты. Тындаушылар оның сөзін үлкен ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады. Оларды өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды қалпына келтіруге қатысты мәселелер қызықтырды.

Әңгіме жағымды атмосферада өтті, кездесуге қатысушылар көптеген танымдық және пайдалы ақпарат алды.

Яндекс.Метрика