Қабылдау комиссияларының байланыстары

Орны толмас қаза

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Қазақ КСР Халық әртісі, балетмейстер және педагог, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы және тұрақты басшысы Болат Ғазизұлы Аюхановтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды қайғыра қабылдады.

Қазақстанның балет аңызы, ерекше талант пен шеберлік иесі, теңдесі жоқ әртіс, тамаша балетмейстер және педагог Болат Ғазизұлы жемісті еңбегімен қазақстандық хореографияның дамуына баға жетпес үлес қосты.

Болат Ғазизұлының өмірлік және шығармашылық жолы – би өнеріне деген адалдықпен және жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі. Оның сомдаған сахналық бейнелері мен балет қойылымдары көрермендердің жан дүниесіне терең әсер етті.

Жарқын шығармашылық қызмет жолында КСРО-ның Съездер сарайы мен Үлкен театрында, Лондондағы Бернард Шоу театрында және Кадоган-холл, Канаданың Монреалында және Францияда 30-дан астам қойылымдарды сахналады.

Болат Ғазизұлы сахнада және білім саласында сұранысқа ие талантты әртістерді тәрбиеледі. Оның көптеген шәкірттері біздің Хореография академиясының қабырғасында еңбек етеді.

Талантты басшы Болат Аюханов жоғары кәсіби ұжым құрды. Алуан түрлі, қызықты қойылымдарды көрермен назарына ұсынған театр репертуарында балет әртістерінің бірнеше буыны өсті.

Болат Ғазизұлының балетке деген көзқарасы өнер жайлы пікірінен анық көрінеді. Өткір ойлы және тапқыр, ол бәріне және өзіне қысқаша сипаттама бере білді, ең алдымен ол бір сұхбатында: «Балетке араласпаңыз, әйтпесе қалған өміріңізге уақыт болмайды”, – деді. Дәл осы фразадан Болат Ғазизұлы Аюхановтың балет өнеріне арнаған өмірін көруге болады: «Өз өміріңді балетке арнасаң – және басқа тағдырды қаламайсың».

Қазақ ұлттық хореография академиясының басшылығы мен ұжымы орны толмас қазаға қайғырып, Болат Ғазизұлының туған-туыстары мен жақындарына, оның шәкірттері мен шығармашылық ұжымына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

 Еліміздің мәдениет саласында өшпес ізі қалған Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі Қазақстанның би өнері тарихында және көрерменнің жүрегінде мәңгі сақталады.

Яндекс.Метрика