Қабылдау комиссияларының байланыстары

Science Café «Театр және актерлік өнер»

24 ақпанда Science Café-де «Театр және актерлік өнер» тақырыбында өте қызықты талқылау өтті, спикер ретінде «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-ші курс магистранты Арман Бұқарбаев сөз сөйледі.

Талқылау барысында Арман орыс-американдық актер, режиссер және педагог, әйгілі «Актер техникасы туралы» кітабының авторы Михаил Чеховтың жүйесі бойынша актерлік шеберлікті игерудің негізгі әдістерімен бөлісті, қиял мен зейінді дамытуға арналған бірнеше жаттығуларды көрсетті.

Академия білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері образға ену бойынша кейбір әдістерді қызығушылықпен қолданып көрді.

Осы іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылардың көпшілігі актерлік шеберлік жеке тұлғаны дамытудың ең тиімді әдістерінің бірі деген қорытындыға келді. Адам өзін әлемге танытуды үйренеді, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, көрермендер алдында сөйлеу қорқыныштары мен фобияларынан арылады, сонымен қатар бұл өзіңізді, сезімдеріңізді жақсырақ түсінудің, денеңізді, эмоцияларыңызды және сөйлеуіңізді меңгеруді үйренудің тамаша тәсілі.

Яндекс.Метрика