Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда «Құрманғазы күйлері – қазақ сахналық биінің негіздері» атты дәріс-концерт өтті

24 ақпанда Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі профессор Тойған Ізімнің «Құрманғазы күйлері – қазақ сахналық биінің негіздері» тақырыбындағы дәріс-концерт өтті.

Іс-шараны оқу орнының хореография факультеті академия студенттері –бакалавриат студенттері, магистранттар және докторанттар үшін ұйымдастырды.

Дәріс барысында профессор қазақтың ұлы күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазының музыкасына қойылған қазақ сахналық билері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, дәріске Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Табыс Құдайберген мен Наргиз Касумова атақты күйшінің күйлерін орындауға шақырылды. Академиямыздың хореография факультеті студенттері көрермендер үшін Құрманғазының «Айжан қыз», «Қоштасу» және «Балбырауын» музыкасына қойылған концерттік нөмірлермен өнер көрсетті.

Яндекс.Метрика