Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия тәрбиеленушілері Загребтегі Халықаралық балет байқауында барлық жүлделі орындарға ие болды

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары Торғын Лебен, Әдемі Жанәбіл және Дарья Митрофанова Хорватия астанасы Загребте өткен Халықаралық балет байқауында барлық жүлделі орындарға ие болды.

Конкурсқа Хорватия, Канада, Жапония, АҚШ, Франция, Австрия, Венгрия, Польша және басқа елдердің қатысушылары қатысты. Байқау екі санат бойынша өтті, Қазақстаннан барған қатысушылар жасөспірімдер санатында (19 жасқа дейін) өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Торғын Лебен – алтын медаль, Әдемі Жанәбіл – күміс медаль, Дарья Митрофанова – қола  медаль алды.

«Біз конкурсқа бір ай бойы дайындалдық, бұл академия оқушыларының карантиннен кейінгі алғашқы шетелдік сапары, Ал бүгінгі жеңімпаздарымыз – конкурстағы ең жас қатысушылар болды, олар небәрі 13-14 жаста, бұл олардың байқауға алғашқы сапары, бірден осындай жеңіске жетті, – деп атап өтті жеңімпаздардың педагогы, Академияның кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы Светлана Кокшинова. – Конкурстың қазылар алқасы орындау техникасын жоғары бағалады, қимылдардың әдемілігі мен тазалығын атап өтті, педагогтардың жұмысын жоғары бағалады – балалар өте жоғары деңгейде дайындалған».

Яндекс.Метрика