Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқытушылары Римдегі Erasmus+ жобасының студенттері үшін би қоюда

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары Италияның Ұлттық би академиясында екі оқу орны арасындағы Erasmus+ жобасын аяқтау аясында қойылымдарды қоюда.

Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Римдегі Ұлттық би академиясы арасындағы Erasmus+ жобасы аяқталуға жақын. Жобаның қорытынды шарасы – Рим академиясының ашық аспан астында орналасқан сахнасында өтетін қорытынды концерт. Концерт көрермендеріне Қазақ ұлттық хореография академиясы оқытушыларының Erasmus+ жобасының студенттері үшін арнайы қойылған билер көрсетілетін болады.

Академия профессоры Гүлнәр Саитова студенттерге ұйғыр биін қойса, аға оқытушы Анвара Садықова 2 қазақ биін сахналады.

Яндекс.Метрика