Қабылдау комиссияларының байланыстары

Шетелде оқуға студенттерді іріктеу байқауының қорытындысы

2022 жылдың 30 маусымында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері арасында академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде бір семестр оқуға арналған байқау өтті.

Студенттер арасындағы бұл байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына сәйкес өткізілді.

Академия студенттерін іріктеу Қазақ ұлттық хореография академиясымен ынтымақтастық туралы келісімдер (10.12.2021 ж. № 26-403 және 17.02.2022 ж. № 26-65) аясында Латвия мәдениет академиясы мен Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне оқуға жіберу үшін жүргізілді.

Байқау екі кезеңде өтті: I кезең – байқау туралы хабарландырудағы тізімге сәйкес үміткерлердің құжаттарды тапсыруы.

II кезең – үміткерлермен әңгімелесу. Комиссия құрамы 15 адам (оның 1-і тәуелсіз сарапшы).

Әңгімелесу нәтижелері бойынша байқау комиссиясының мүшелері ашық дауыс беру арқылы шешімдер қабылдады:

  1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Латвия өнер академиясында академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға Карина Хамзинаның кандидатурасы бекітілсін.
  2. 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Латвия өнер академиясының академиялық ұтқырлық бойынша оқуына өз қаражаты есебінен Адия Байболованың кандидатурасы бекітілсін.
  3. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға Ринат Омаров пен Аида Кеңестің кандидатуралары бекітілсін.
Яндекс.Метрика