Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия педагогтары бірқатар психологиялық тренингтерден өтті

23, 24 және 30 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжі педагогтарының қатысуымен «Білім алушының тұлғалық дамуының психофизиологиялық ерекшеліктері» тақырыбында тренингтер сериясы өтті. Оқыту академияның қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторының  ұйымдастыруымен өткізілді. Тренер академияның педагог-психологы Марал Ибрагим болды.

Тренинг екі тақырыпқа арналған: педагогтардыың кәсіби шаршауы және баланың жеке басының дамуының психофизиологиялық ерекшеліктері.

Қатысушылар кәсіби шаршау белгілерімен танысып, психологтың кеңестерін алды. Жаттықтырушымен бірге адам дамуын туғаннан өлімге дейінгі кезеңдерге бөлу, жеке тұлғаның дамуының оң және теріс жолдарын талдау бойынша материалдар талқыланды.

Тренинг, сонымен қатар, практикалық жұмысты қамтыды – білім алушылардың жас дағдарыстарын анықтауға және олармен тиімді өзара әрекеттесу әдістерін анықтауға бағытталған ми шабуылы.

Яндекс.Метрика