Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жамбыл феномені: Жамбылтану ғылымы және білім беру

І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті  2021 жылдың 15 наурыз  күні халық ақыны, жыраулық өнердің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл феномені: Жамбылтану ғылымы және білім беру» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция өткізеді. Конференция жұмысына ғалымдар, білімгерлер және  колледж және мектеп мұғалімдері шақырылады.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Жаһандану дәуіріндегі Жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері
  2. Білім беру мен қолданбалы зерттеулердегі жаңа жаратылыстану және  әлеуметтік-қоғамдық технологиялар
  3. Жас ғалымдардың инновациялық ізденістері

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Материалдарды рәсімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік  WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1,0, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм,  азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен  нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс.

Баяндаманың электрондық нұсқасы (жұмыстың бағытын көрсетіп) төмендегі электрондық поштаға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта арқылы ұсынылады.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Яндекс.Метрика