Академия студенттері АҚШ-та «Коппелия сюита» спектаклінде
5 және 6 тамызда АҚШ-та, Калифорния штатында Маунтин-Вью өнер орталығының сахнасында «Коппелия сюита» қойылымы өтті.
Спектакль Петипа мұрасы қорының қолдауымен және Байер балет академиясының қатысуымен Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттерімен бірлесіп өтті.
«Коппелия» 19 ғасырдағы ең керемет күлкілі балеттердің бірі болып саналады және классикалық балет репертуарындағы ең ардақты классикалық шығармалардың бірі болып қала береді. Бастапқы хореографияны 1870 жылы А. Сен-Леон қойды, 1884 жылы М.И. Петипаның жаңа қойылымымен шықты және 1894 жылы Э. Чеккетти редакциялады.
Спектакль 26 маусым мен 6 тамыз аралығында Bayer Ballet академиясында өткен 6 апталық жазғы интенсив бағдарламасының шарықтау шегі болды, онда Академияның кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушысы -Антон Михайлович Луковкиннің жетекшілігімен Академияның білім алушылары қатысты.