Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттері «Астана Опера» сахнасында «Жизель» қойылымына қатысты

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Адольф Адамның «Жизель» балеттік қойылымы өтті. Балет қойылымы үш күнге – наурыздың  6, 7 және 8-не жалғасты.

Қазақ ұлттық хореография академиясы кәсіптік білім беру колледжінің студенттері «Астана Опера» сахнасында вилиссалар рөлін сомдап өнер көрсетті.

«Астана Опера» директоры Ғалым Ахмедьяров балет қойылымына қатысқаны үшін академия басшылығына алғысын білдіріп, хореография академиясы тәрбиеленушілерінің тамаша өнері мен жоғары кәсібилігін атап өтті.

Сонымен қатар, Академияның түлегі София Әділханова Мирта партиясын орындаумен қойылымға қатысты.

Яндекс.Метрика