Академияда ағылшын тілін үйрену бойынша шеберлік сыныбы өтті
9 қараша күні Хореография академиясының конференц-залында Aligazy_English оқу орталығының оқытушыларынан ағылшын тілін үйрену бойынша шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараны Академияның халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі студенттер мен оқу орнының қызметкерлері үшін ұйымдастырды. Іс-шараның спикерлері кәсіби синхронды аудармашы Әлиғазы Айдарханов пен ағылшын тілі оқытушысы Шолпан Құсбекқызы болды. Әлиғазы Айдархановтың 8 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде Майк Тайсон мен Ник Вуйчичтің жеке аудармашысы болған.
Шеберлік сыныбына қатысушылар ағылшын тілін кезең-кезеңімен қалай үйренуге болатынын, оны үйрену кезінде не нәрсеге назар аудару керектігін үйренді, сонымен қатар тіл үйренудің кейбір әдістерімен танысты.