Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда алдағы референдумды талқылауға арналған жиын өтті

Бейсенбі күні, 12 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясында алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумды талқылауға арналған жиын өтті.

Академия ұжымына еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, түзетулер «суперпрезиденттік» басқару нысанынан ықпалды парламенті және оған есеп беруші үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекіту мақсатында әзірленгені атап өтілді.

Яндекс.Метрика