Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы IAAR халықаралық аккредиттеуінен өтті

Құрметті әріптестер! Қазақ ұлттық хореография академиясы білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің (EX-ANTE) халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес халықаралық аккредиттеуден сәтті өткенін хабарлаймыз!

6В02111 Балетмейстер өнері (5В040600 Режиссура)
6В02104 Спорттық бал биінің педагогикасы (5В040900 Хореография)
6B02101 Педагогика хореографического искусства
7М02108 Хореография
8D02108 Хореография
6В02107 Өнертану
7М02107 Өнертану
8D02107 Өнертану
6В02106 Арт-менеджмент (5B042300 Арт-менеджмент)
7М02106 Арт-менеджмент
6B02110 Хореография өнерінің педагогикасы (екі дипломдық білім беру бағдарламасы, Қазан мемлекеттік мәдениет институты ЖБ ФМББМ (Қазан қ., Ресей)

Алғаш рет IAAR Аккредиттеу кеңесі Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Қазан мемлекеттік мәдениет институтының екі дипломдық білім беру (бакалавриат) бағдарламасын сырттай бағалау қорытындысы бойынша оң шешім қабылдады.

Халықаралық аккредиттеу 2022 жылғы 28 қаңтардан бастап 2027 жылғы 27 қаңтарға дейін қолданылады.

Халықаралық аккредиттеу білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің жоғары сапасын, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігін, іске асырылатын білім беру бағдарламаларының нәтижелілігі мен тиімділігіне негізгі стейкхолдерлер тарапынан сенімнің артуын, шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп академиялық ұтқырлықтың түрлі бағдарламаларына қатысуын, халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын, білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында бәсекелестік ұстанымдарды нығайтуды, білім беру ұйымының институционалдық өзгерістерін қолдайтынын растайды, ұлттық және халықаралық еңбек нарығында түлектің бәсекеге қабілеттілігін арттыруын, әлемдік білім беру кеңістігіне танылуы және интеграциясын растайды.
IAAR – білім беру және аккредиттеу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар еуропалық, азиялық және американдық желілер мен агенттіктердің (ENQA, CEENQA, INQAAHE, IREG, AQAAIW, CIQG, APQN) толық құқылы мүшесі болып табылатын жетекші аккредиттеу агенттігі. ENQA еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету тізіліміне кіреді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің танылған аккредиттеу органдарының ұлттық тізіліміне енгізілген.

Академия ұжымына жемісті шығармашылық жұмыс тілейміз!

Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу сертификаттары
Халықаралық институционалдық аккредиттеу сертификаты

Яндекс.Метрика