Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 241-250 of 987 results

Құрметті оқытушылар, докторанттар!

Қараша 9, 2022

2022 жылғы 3 қарашадағы №195-Н/Қ бұйрықпен Қазақ ұлттық хореография академиясында 8D021 «Өнер» даярлау бағыты бойынша D031-Хореография, D034-Өнертану білім беру бағдарламалары тобы бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Диссертациялық кеңес ашылды. Барлық қажетті ақпарат Академияның сайтында орналастырылған …

Академияда ағылшын тілін үйрену бойынша шеберлік сыныбы өтті

Қараша 9, 2022

9 қараша күні Хореография академиясының конференц-залында Aligazy_English оқу орталығының оқытушыларынан ағылшын тілін үйрену бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Академияның халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі студенттер мен оқу орнының қызметкерлері үшін ұйымдастырды. Іс-шараның спикерлері кәсіби синхронды аудармашы Әлиғазы Айдарханов пен …

Академия жантанушылары «Біз – бір отбасымыз!» тренингін өткізді

Қараша 7, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Біз бір отбасымыз!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – жаңа оқушыларды табысты бейімдеу, олардың өзара сыйластығын қалыптастыру, сондай-ақ интернатта тұратын Академия тәрбиеленушілерін біріктіру. Тренинг оқушылардың бірлесіп әрекет ету және ағымдағы мәселелерді бірге шешу қабілетін қалыптастыруға …

Хореография факультеті Степногорск қаласында концерт береді

Қараша 7, 2022

Сейсенбі, 8 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Самғау» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. Концерт Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Концерттің басталуы сағат 17.00-де.

«Самғау» – Хореография академиясының студенттері Қарағандыда концерт қойды

Қараша 3, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Самғау» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті. Концерт Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауын қолдау мақсатында Академияның хореография және өнер факультеттерінің ұйымдастыруымен өтті.  Қарағандылық көрермендердің назарына классикалық мұраның балет спектакльдерінен …

Дүниежүзілік балет күнімен құттықтаймыз

Қараша 2, 2022

Құрметті әріптестер, ұстаздар, студенттер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге таусылмас шығармашылық қуат, шабыт, жаңа жетістіктер, толағай табыстар тілейміз! Барлық жетістіктеріңіз жоғары бағаланып, өнеріңіз миллиондардың жүрегінде жаңғыра берсін!

Хореография академиясының студенттері Қарағандыда концерт береді

Қазан 31, 2022

Сейсенбі, 1 қараша күні Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Самғау» концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынады. Концерт Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Студенттер сарайының сахнасында өтеді. Басталуы сағат 16:00-де.

Студенттер қатарына қабылдау – 2022

Қазан 31, 2022

2022 жылғы 28 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясында «Студенттер қатарына қабылдау – 2022» атты дәстүрлі салтанатты іс-шара өтті. Студенттер дайындаған түпнұсқа сценарий бойынша кеш 90-шы жылдар мен қазіргі заманның студенттік өмірін салыстыра отырып өтті. Бірінші курс студенттері қызықты шығармашылық құттықтаулар …

Хореография академиясының білім алушыларына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы тағайындалды

Қазан 27, 2022

Академия студенттеріне білім мен өнердегі жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік стипендиялары тағайындалды. Зырянова Алина – «Хореография өнері» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің 3 оқу жылының студенті, Даниярбеков Нұралем «Спорттық бал биінің педагогикасы» білім беру бағдарламасының 3 курс …

Amanat партиясының өкілдерімен кездесу

Қазан 26, 2022

Алдағы кезектен тыс президент сайлауына байланысты академияда Amanat партиясының өкілдерімен кездесу өтеді. Кездесу 27 қазанда академияның конференц-залында өтеді, басталуы сағат 11.00-де.

Яндекс.Метрика