Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Самғау» – Хореография академиясының студенттері Қарағандыда концерт қойды

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Самғау» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті. Концерт Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауын қолдау мақсатында Академияның хореография және өнер факультеттерінің ұйымдастыруымен өтті. 

Қарағандылық көрермендердің назарына классикалық мұраның балет спектакльдерінен үзінділері, бірнеше қазақ билері, моңғол, татар, ұйғыр, өзбек билері, сондай-ақ контемпорари және спорттық бал биінен нөмірлері ұсынылды. Бұл ретте 1-4 курс студенттері өздерінің қойылымдарын, сондай-ақ академия педагогтары мен белгілі хореографтар қойған билерді орындады. Сахнада өнер көрсеткен студенттердің көпшілігі республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары. 

Сонымен, сахнада Адольф Аданның «Корсар» балетінен «Палестина биі», студенттердің авторлық жұмыстары: Шамшырақ Сегізбаеваның «Кицуне», Мұхтархан Болатханның «Таңдау» нөмірлері орындалды. 4 курс студенті Мәди Аманбаевтың «Галатея» қойылымын 2 курс студенттері Диас Исаев пен Екатерина Житковец көрермендерге ұсынды.

1 курс студенттері белгілі хореограф Дәурен Әбіровтің «Сылқыма» туындысын орындады. Сонымен қатар, көрермендер Академия оқытушылары Анвара Садықованың «Аққу», Анвара Садықова мен Алматы Шәмшиевтің «Тоқым қағар» қойылымдарын тамашалады. Концерт Академия педагогы Евгений Моисеевтің хореографиясындағы «Вена вальсімен» аяқталды.

Яндекс.Метрика