Қабылдау комиссияларының байланыстары

Чайковскийдің портреттегі бейнесі – 1 курс студенттеріне арналған дәріс-концерт

10 ақпан күні спорттық бал биінің педагогикасы мамандығының 1 курс студенттері үшін «ХІХ ғасырдағы орыс суретшілерінің портреттік кескіндемесінде ұлы орыс композиторы П.И. Чайковскийдің бейнесін көрсету» тақырыбында концерт түрінде дәріс өткізілді.

Дәрісті балетмейстер өнері кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Джубатчанова жүргізді. Дәріс барысында студенттер үшін Чайковскийдің шығармалары, оның ішінде 18 фортепиано пьесаларының циклынан «Размышление» пьесасы орындалды. Ұлы композитордың шығармаларын пианист-концертмейстер Дархан Ақбар орындады.

Дәріс-концертті дайындауға белсенді қатысқаны үшін студенттер А. Акуленко, А. Ильичевқа, Е. Карась және концертмейстер Д. Ақбарға алғыс білдіреміз.

Яндекс.Метрика