ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДАЛ АЗАМАТЫ
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДАЛ АЗАМАТЫ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Әділетті Қазақстанды құру үшін адалдықты әр азамат өзінен бастауы қажет екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген адал азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.