Қабылдау комиссияларының байланыстары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ КҮНІ – ПОЛЯК-ҚАЗАҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ «ЕУРОПА ЖӘНЕ АЗИЯ»

2021 жылдың 29 сәуірінде поляк-қазақ білім беру «Еуропа мен Азия» би жобасы аясында бірден екі шеберлік сабағы өткізіледі: заманауи джаз және лирикалық джаз элементтерімен джаз биі бойынша (Амелия Козияра-Войчиктің жетекшілігімен, AHE Лодзь), сондай-ақ қазақ биінің техникасы бойынша (Анвара Садыкова мен Алмат Шамшиевтің жетекшілігімен).

Жоба барысында студенттер келесі қойылымдарын көрсететін болады:

  • “Indignados”, Алёна Козогладюк, Диана Чакава
  • “Tarleh” Ирина Полищук, Алёна Козогладюк
  • Н. Тілендиев. “Қос аққу”, Аққанат Смағұлова, Ж. Қанат
  • Академия студенттерінің орындауында ерлер этюді.

Іс-шара ClickMeeting платформасында өтеді.

Қызығушылық танытқан болсаңыз Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел.: 790855, +7 7789267086

Яндекс.Метрика