Қабылдау комиссияларының байланыстары

ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы жобасының бағдарламасы

Қазақстанның ЮНЕСКО Клубтарының ұлттық федерациясы Қазақстанның жас ұрпағын дамыту және қолдау мақсатында жыл сайын “ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы” атты жобасын өткізеді.

Әлемдегі COVID-19 эпидемиясының таралуына байланысты жағдайға қарамастан, ЮНЕСКО Клубтарының V шығармашылық Академиясы 2020 жылдың 3-9 тамыз аралығында онлайн түрде өтеді. Сонымен қатар, Федерация басшылығы жобаның барлық қатысушыларына мастер-класстар қолжетімді болатындығын хабарлайды.

7 күн ішінде барлық қатысушылар таңдаулы бағыттар бойынша дағдыларды дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған онлайн мастер-кластар, тренингтер мен дәрістер арқылы жетекші мамандардан таптырмас тәжірибе ала алады.

Шығармашылық академиясына қатысқан ЮНЕСКО клубының барлық мүшелері Академия жобасына  шақырылады. Бағдарлама қоса беріледі. 

Қатысуға қызығушылық білдірушілерге халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз: +77019131056, Аяулым.

Предварительная программа 3-9 августа 2020

Яндекс.Метрика