![](https://balletacademy.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/nek_3163-1-1.jpg)
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Әлемдегі ең жас хореография академиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің мақсатымыз – біліктілігі жоғары балет әртістерін дайындаумен қатар әлемдік сахнада Қазақстанды жоғары деңгейде көрсете алатын білімді, жоғары мәдени, рухани қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеу.
Біздің көздегеніміз – ең үздік классикалық дәстүрлермен ұлттық мәдениеттің бірегей қайталанбас элементтерін ұштастыра отырып мәдени бренд – отандық балет мектебін қалыптастыру.
Би өнерінің бөлшегімін деп сезінген барша қауымға біз ашықпыз! Біз талапкерлер мен ата-аналарға, студенттер мен магистранттарға және Академия өміріне қызығушылық танытқан баршаңызға қажетті ақпаратты ұсынамыз.
Біздің талпынысымыздың арқасында Сіз ұлы да ғажайып би өнеріне жақындай түсесіз деген сенімдемін!
Ректор
Нусипжанова Бибигуль Нургалиевна
САУАЛДАР
Ниязбек Жанагуль - 10.07.2024
Сұрақ: Сәлеметсіздер ме!11 сыныптан бітірдім.Сіздерге түскім келеді.Қандай документтер керек және экзамен болады ма деген сұрақ болып тұр.
Жауап:
Сәлеметсіз бе, 8 700 508 5150 WhatsApp жазыныз
Ергалиева Лунара - 01.07.2024
Сұрақ: Салеметсызбе. Джасулан Дамина 2014ж Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Қазіргі таңда Астана қаласында болғандықтан үміткер ,емтиханды офлайн өтуіне болама?
Жауап:
Қайырлы күн! Академияға оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігі бекіткен қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Егер сіздің балаңыз Хореография академиясының 5-сыныбына оқуға түсетін болса, құжаттарды қабылдау мерзімі мен қабылдау емтихандарының кестесі сайтта орналастырылған: https://balletacademy.edu.kz/abyldau-komissijasy-5-synyp-1-kurs/.
Егер сізде сұрақтар қалса, анықтама үшін келесі телефон бойынша қоңырау шалыңыз: 8 (7172)79-85-42, +7700 508 51 00 (WhatsApp).
Ергалиева Лунара - 01.07.2024
Сұрақ: Салеметсызбе!Джасулан Дамина 2014 ж
Батыс Қазақстан обл.Орал қаласының тұрғыны.
Қазіргі таңда Астана қаласында бір себептермен болғанына байланысты емтихандарды офлайн өтуіне болама? Анасы Ергалиева Лунара 87784700484байланыс тел
Жауап:
Қайырлы күн! Академияға оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігі бекіткен қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Егер сіздің балаңыз Хореография академиясының 5-сыныбына оқуға түсетін болса, құжаттарды қабылдау мерзімі мен қабылдау емтихандарының кестесі сайтта орналастырылған: https://balletacademy.edu.kz/abyldau-komissijasy-5-synyp-1-kurs/.
Егер сізде сұрақтар қалса, анықтама үшін келесі телефон бойынша қоңырау шалыңыз: 8 (7172)79-85-42, +7700 508 51 00 (WhatsApp).
Алия Сулейменова - 11.04.2024
Сұрақ: Қайырлы кеш! Қабылдау емтихандары қашан басталады? Просмотр қашан бооады?
Жауап:
Қайырлы күн! Хореография академиясына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Қабылдау ережесіне сәйкес:
1) келген бала алдын ала іріктеуден өтеді;
2) егер одан өтсе, оған қабылдау емтихандарын тапсыруға рұқсат етіледі;
3) 3 немесе 4 тур бойынша қабылдау емтихандары жазда (қабылдау сыныбына байланысты маусымның соңы – шілденің басы) өтеді;
4) егер бала барлық қабылдау емтихандарын сәтті тапсырса, онда ол Хореография академиясына грантқа түседі (ол тегін оқиды).
Алдын ала іріктеуден өткен балалар Қазақ ұлттық хореография академиясына 1-3-сыныптарға (тек Астана қаласында тұратын балалар үшін), сондай-ақ 4 немесе 5-сыныптарға (Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар үшін) қабылдау емтихандарына шақырылады.
Сұрақтарыңыз болса, ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз: 8 (7172)79-85-42, +7700 508 51 00 (Whatsapp).
Токанова Айнұр - 06.02.2024
Сұрақ: 1сыныпқа іріктеу қайда өтініш жазамыз
Жауап:
Қайырлы күн! Іріктеуге келесі телефондар арқылы жазылуға болады: 8 (7172) 79-85-89, 79-85-54, 79-85-84, 79-85-42, +700 508 51 00 (WhatsApp).
Перизат - 29.12.2023
Сұрақ: Сәлеметсіздерме! Менің атым Перизат. Мен 16 жастамын, мен хореография факултетінде оқығым келеді. Бірақ сұрағым келгені сіздерде тек баллет үйірмесі ма? Немесе хореографиялық факултеттер бар ма? Мен хореографияны жақсы көремін. Тек осы жайлы сұрағым келген. Сау болыңыздар!
Жауап:
Сәлеметсіз бе Перизат. Оқу және оқуға түсу туралы барлық ақпраратты осы сайттан біле аласыз
https://balletacademy.edu.kz/ru/higher-education-ru/.
Қосымша сұрақтарыныз болса осы номерлерге 8 7172 798 570 звондап немесе 8 700 508 5150 (WhatsApp, Telegram) жазыныз
Ақмарал - 13.11.2023
Сұрақ: Сәлеметсіз бе маған хореограф деген сертификат керек сіздерде оқып алуға бола ма?
Жауап:
Қайырлы күн Ақмарал. Біліктілікті арттыру курсынан, шеберлік-кластан өтіп, сертификат ала аласыз. Ол үшін 798-587 нөміріне немесе ұялы телефонға хабарласуыңызға болады: +77719020082 Диана.
Динара - 08.08.2023
Сұрақ: Сәлеметсізбе? Прием жүріп жатырма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қабылдау уақыты аяқталды.
Бану - 11.07.2023
Сұрақ: 1 – сыныпқа орын барма? Қабылдау ашылса 8701 870 03 65 хабарлама жіберсеңіздер
Жауап:
Қайырлы күн! 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау аяқталды.
Ислам Мөлдір - 15.06.2023
Сұрақ: 9 сыныптан оқуға түсу
Жауап:
Саламатсызба! 2023 жылғы 25 маусымнан 20 шілдеге дейін Қазақ ұлттық хореография академиясының колледжі «02150700-Хореографиялық өнер» мамандығы «4S02150702 – Би ансамбілінің әртісі» біліктілігі бойынша оқуға түсуге құжаттар қабылдайды (оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай).
Түсу емтихандарына негізгі орта білім алған (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (хореографиялық училищелер, ұлттық академиялар, сертификатталған хореографиялық мектептер) бітірген тұлғалар жіберіледі.
Қабылдау емтихандары: 2023 жылғы 24 шілдеден 27 шілдеге дейін.
Қабылдау туралы толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша көре аласыз: https://balletacademy.edu.kz/abyldau-komissijasy-5-synyp-1-kurs/.
Бюджеттік орындар бар, өзге қаланың тұрғындарына жатақханада орындар қарастырылған.
Байланыс телефон: 8 (7172) 79-85-42, +7700 508 51 00 (ватсап).
Нургалиева Асылай Меирхановна - 17.04.2023
Сұрақ: Балет – Катысамын
Жауап:
Умит - 17.02.2023
Сұрақ: Баламды сіздердің академияға қалай орналастыруға болады?
Жауап:
Қайырлы күн! Хореография академиясы бастауыш, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім береді. Осы себепті балаңыздың жасын көрсетіңіз. Балаңызға қандай білім деңгейіне түсуді жоспарлап отырғаныңызды түсіну үшін.
Сондай-ақ, телефон арқылы сұрақтарыңыз бойынша толық кеңес алуға болады: 8 (7172) 79-85-42.
Саулеш - 16.02.2023
Сұрақ: Қайырлы күн! Жұмыс бойынша түйіндемемді (резюме) академияның электронды поштасына салып едім. Сол бойынша хабар күтемін.
Жауап:
Баян - 16.12.2022
Сұрақ: неше жастап бастап кабылдайды
Жауап:
Майнүр - 08.12.2022
Сұрақ: Неше жастан бастап балаларды қабылдайсыздар?Ақылы үйірме бар ма?4 жастағы қыз балалға пробный сабаққа жазылуға бола ма?
Жауап:
Айымгуль - 06.12.2022
Сұрақ: Сәлеметсіз ба! Сіздерден хореография курсынан сертификат алуға болады ма? Және де, қанша айлық курс ретінде беріледі? Бағасы қанша?
Жауап:
Феруза - 20.11.2022
Сұрақ: Сәлеметсіздерме!Менің есімім Батырбекова Феруза Дауренқызы.Мен эстрадный би мен айналысамын.Мен 4 жыл айналыстым.Мен өте қатты балетпен айналысқым келеді.Академия ға грантқа түсемін деген ойдамын.
Жауап:
Ганибек - 17.11.2021
Сұрақ: Сәлеметсіз бе . Мен 15 жыл карагандыда фелормонияда звукорежиссер боп жумыс жасадым . Астанага кошип келдим . Сиздерде жумыс болса орналассамба деп едим. Егер вакансия болса мени жумыска аласыздарма ? Жауабынызды кутемин рахмет.
Жауап:
Аяулы - 27.10.2021
Сұрақ: Сәлеметсіздерме! Мақала қалай жариялауға болады?
Жауап:
Сонымен қатар, Академияның ресми сайтында ғылым қосымшасында, хабарландыру парақшасында ағымдағы және жоспарланған конференциялар, семинарлардың ақпараттық хаттары жарияланады.