Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан сыйға түскен кітаптар

Академия кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықты: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимылдар кезеңі» 3 томдық еңбегі,  «Қазақ әлемі» (I том), «Мир казахов» (II том) кітаптарын Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық  кітапханасынан сыйға алды.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты еңбекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің экономикалық өсімін қайта қалпына келтіру мақсатымен қолға алған бастамалары, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттің алдында тұрған міндеттері жөніндегі ұшқыр ой-пікірлері, сондай-ақ, әлемдік маңызы зор халықаралық жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылды. «Қазақ әлемі», «Мир казахов» кітаптарында туған жерінен алыс, туыстары мен достарынан мыңдаған шақырым бөліп жатқан әлемнің әр түрлі елдерінде тұратын адамдардың сағыныш сезімі, елеулі жетістіктері туралы баяндалады.

Академия ұжымы сыйға тартқан кітаптары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына алғысын білдіреді.

Яндекс.Метрика