Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұстаздар күнімен!

Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаздық – қоғамдағы ең құрметті мамандықтардың бірі. Себебі, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге береді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіреді. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өмірлеріңізде махаббат, сәттілік, құрмет, молшылық және бейбітшілік болсын. Сіздерге қабілетті оқушылар мен өз қызметтеріңізде шығармашылық өрлеу, сондай-ақ зор денсаулық, барлық мақсаттарға жету үшін зор күш-қуат тілейміз!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбектеріңіз жаңа табыстар мен ізденістерге толы болсын!

Яндекс.Метрика