Қабылдау комиссияларының байланыстары

Story time жобасы: «Теремок» ертегісін оқимыз

Академия кітапханасында 1 сынып оқушылары арасында «Теремок» ертегісі оқылды. Іс-шараның мақсаты  – балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын, оқушылардың көру, есту, тактилді зейіндерін және есте сақтау қабілеті мен қиялын дамыту.

Кітапхана қызметкері Айгүл Сапарғалиева ертегіні оқымас бұрын балаларға кітапқа ұқыпты қарау керектігін түсіндіріп, кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстырды.

Оқу барысында балаларға сұрақтар қойылып, ертегі талқыланды. Іс-шара соңында оқушыларға суреттерді бояу ұсынылды. Кітапхана қабырғасында балалар жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.

Яндекс.Метрика