Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тағы бір жеңіс!

Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің XVI республикалық студенттік пәндер олимпиадасында 6в02106 – Арт-менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының 2 курс студенті Аманғазы Лаззат Бекболатқызы 2-орын алды.

Студенттік пәндер олимпиадасы 2024 жылғы 3-4 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтті. “Өнертану және Арт-менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы жетекшілік еткен біздің Академия командасының құрамында өнер факультетінің 2 курс студенттері Амангазы Лаззат, Советқалиева Аружан, Аманжол Нұркелді, Ахмалишева Наргиз, Айманбетов Санжар болды.

Академия ұжымын тағы бір лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

 

Яндекс.Метрика