Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2023 жылғы 10 сәуірде Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден Өзбекістан, Үндістан, Әзірбайжан, Ресей, Белоруссиядан ғалымдар мен зерттеушілер, оқытушылар қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша электронды жинақ жарияланды. Барлығы жинаққа – 30 мақала енді.
Пленарлық отырыста баяндама жасағандар:
– педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е. Садықова Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. (Алматы қ.);
– аға оқытушы Е.А. Кари-Якубова Ташкент мемлекеттік хореография академиясы (Ташкент қ., Өзбекстан);
– тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Б.Б. Енсепов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ.);
– тарих ғылымдарының кандидаты. З.С. Абдрасилова (Тараз қ.).
Конференциядан кейін «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының көшбасшысы» Дөңгелек үстел өтті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, пед.ғ.к. А.Е. Садықова Темірбек Жүргеновтың өмірі туралы деректі фильмді көрсетті. Дөңгелек үстел талқылаумен және пікір алмасумен аяқталды.