Ғылым апталығы – 2021: «SCIENCE SLAM – үздік постерлік баяндама»
13 сәуірде сағат 15-00-де ғылым апталығына арналған іс-шаралар аясында «Science slam -үздік постерлік баяндама» байқауы өтеді. Баяндамаларды тыңдау ZOOM платформасында онлайн режимінде өтеді. Постерлік баяндама – плакатты (постерді) қолдана отырып, ғылыми деректерді хабарлаудың тиімді нысандарының бірі. Байқауға Академияның екінші курс магистранттары қатысады.
Байқаудың мақсаты: бітіруші курс магистранттарының ғылыми-зерттеу қызметіндегі инновациялық жетістіктерін көрсету.
Ұйымдастырушылар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімі.
Анықтама телефоны: 8 7172 798547
E-mail: onaukaipo@gmail.com