Қабылдау комиссияларының байланыстары

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні

Академия қызметкерлері мен тәрбиеленушілерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, бұл –Қазақстанның жаңа тарихындағы аса маңызды тарихи күндердің бірі. Осы мереке Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесін көрсетеді. Республикамыз бүгінгі күні әлемдік қоғамдастық мойындаған мемлекет және табыс пен жетістіктің белгісі.

Тұңғыш Президенттің еліміздің гүлденген болашағына деген тұрақты ұмтылысы барлық қазақстандықтарға өз күшіне сенуге мүмкіндік берді. Елбасы бүкіл қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде тарихқа мәңгілікке енді, оның атымен егемен Қазақстанның ең үздік жетістіктері тығыз байланысты.

Яндекс.Метрика