«Күз сыйлары» балалар шығармашылығы конкурсы
2020 жылғы 22-26 қазан аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Күз сыйлары» атты балалар шығармашылығы конкурсы өтеді.
Конкурстың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттері мен қиялын арттыру, экологиялық тәрбие беру арқылы қоршаған ортаны сүюге үйрету. Қашықтық форматында өткізілетін іс-шараға 1-4 сынып оқушылары қатысады.
Конкурс жеңімпаздарын әділ қазылар алқасы анықтайды, жеңімпаздар жүлделі орындар мен номинациялар бойынша дипломдармен, сондай-ақ сыйлықтармен марапатталады.
Конкурстың қорытындылары, сонымен қатар ең үздік шығармашылық жұмыстар Академияның сайтында жарияланатын болады.