Қабылдау комиссияларының байланыстары

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары»
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның
Пре-релизі

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар!

Сіздерді «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» тақырыбында өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 23 қазан, жұма күні YouTube платформасында қашықтан форматта өтеді.  

Конференцияның мақсаты – әртүрлі елдердің оқу орындары арасындағы білім беру, шығармашылық, ғылыми байланыстарды нығайту, білім, ғылым және тәрбие саласында пікір және идеялармен алмасу.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Болгария, Түркия, Өзбекстан, АҚШ, Швейцария, Грузия, Италия, Эстониядан 10 мемлекеттің ғалымдары қатысады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап, құттықтау сөз сөйлейтіндер: Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Алматы, Қазақстан;  Ғалия Құрманғалиқызы Құрманғалиевафилософия ғылымдарының докторы, философия, саясаттану және дінтану институтының философия бөлімі меңгерушісі, “Әл-Фараби” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналының бас редакторы, Алматы, Қазақстан; Нұрышева Гүлжихан Жұмабайқызыфилософия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, Алматы, Қазақстан; Тони Шекерджиева-НовакДиамандиев атындағы музыка, би және бейнелеу өнері академиясының ректоры, Пловдив, Болгария; Тухтасимов Шухрат МахмудовичТашкент мемлекеттік ұлттық би және хореография жоғары мектебінің ректоры, Ташкент, Өзбекстан; Синан Хурсанд Өзбек – философия ғылымдарының докторы, профессор, Kocaeli (Коджаэли)  университетінің философия кафедрасының меңгерушісі , Коджаэли Түркия; Хасанов Алишер Абдушукурович режиссер-хореограф, “Мим-Оркестр” театрының жетекшісі, Лос-Анджелес, АҚШ; Клыкова Людмила Алексеевна педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің халықтық көркем шығармашылық факультетінің деканы, Челябинск, Ресей; Ізім Тойган Оспановна ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Нұр-сұлтан, Қазақстан; Дзагания Индира – филология ғылымдарының докторы, профессор, “мәдениетаралық коммуникация” халықаралық журналының бас редакторы, “Мәдениетаралық қатынастар қоғамы” қауымдастығының президенті, Тбилиси, Грузия; Буренина-Петрова Ольга Дмитриевнафилология ғылымдарының докторы, Цюрих университеті славистика институтының ғылыми қызметкері, Цюрих, Щвейцария; Лычкин Владимир АлександровичОңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті хореография кафедрасының ассистенті, Челябинск, Ресей.

Конференция бағдарламасы:
10.00 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс.
15.00 – “Жаһандану жағдайындағы заманауи мәдениет”секциясының жұмысы.
Конференцияға сілтеме : https://youtu.be/HZQFni_rVD8
Анықтама телефоны:  8(717) 279-04-72
Email: Kanatova_Zh@balletacademy.kz

Яндекс.Метрика