Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия тәрбиеленушілері Біріккен Ұлттар ұйымының өкілі Джулия Валезеден сыйлық алды.

Біріккен Ұлттар ұйымының халықтың қоныстануы саласындағы (ЮНФПА) Қазақстандағы өкілі Джулия Валезе Академия тәрбиеленушілеріне сыйлық табыстады. Сапарбек Эльдар мен Сұлтан – ағайынды бауырлар, олар бала күнінен шығармашылықпен айналысады. Олардың болашағынан зор үміт күтуге болады. Сыйға тартылған синтезатор олардың таланттарын дамытуға және үй жағдайында музыкамен айналысуына мүмкіндік береді.

Академия ректоры А. Асылмұратова Джулия Валезеге жолданған алғыс хатта «Қазақ ұлттық хореография академиясының атынан Сізге балаларымыздың тәрбиесі мен оқуына қосқан жеке үлесіңіз үшін ерекше құрмет білдіріп, алғысымды жеткіземін. Сіз тарту еткен пайдалы әрі қажетті сыйлық тәрбиеленушілерімізге жаңа тамаша, жарқын шығармаларды жазуға шабыт беретініне сенімдіміз. Сіздің осы игі ісіңіз бәріміз үшін мейірімділік нышаны ретінде қызмет ететіне сенеміз», – деп атап өтті.

 

Яндекс.Метрика